2024 жылдың қараша айында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңдаңыз» ұранымен Астана қаласы бойынша ҚАЖД № 3, 64 мекемесінде жеке құрам мен қоныс колонияларында сотталғандар арасында «пенитенциарлық жүйеде АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологы А.Жаманова. АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, алдын алу шараларының маңызын, АИТВ-инфекциясымен өмір сұретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигмамен кемсітушілікпен күрес мәселелері бойынша айтып өтті. Ақпараттық танымалдық материалдар (брошюралар, парақшалар) таратылды.Дәрістерге - 540 жеке құрам қызметкерлері мен сотталғандар қатысты.