Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 49

Мейіргерлердің кәсіби мерекесіне орай 2025 жылғы 14-15 мамыр аралығында Түркістан қаласында Денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарованың қатысуымен«Мейіргерлік қызметтің дамуының инновациялары мен келешегі» атты Халықаралық форумы өтуде.

WhatsApp Image 2025 05 14 at 14.12.56

Соңғы жылдары мейіргерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі арта түсті. Функционалды кеңейту мен өкілеттікті беру арқылы мейіргерлер медициналық көмек көрсетудің командалық моделінің ажырамас бөлігі болды.

Форумда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі атынан «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы емдеу-алдын алу бөлімінің мейіргері Б.Бапенова марапатталды.

Баян Ысқаққызы Бапенованың еңбек өтілі 37 жыл, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша жоғары біліктілік деңгейіне ие. Өзінің еңбек жолын Ақмола облысында бастаған. Б. Бапенова өзін тәжірибелі, білікті маман ғана емес, сонымен қатар жас мамандарға, әріптестеріне тәлімгер.

«Еңбегімнің осындай жоғары деңгейде бағаланғанына өте ризамын, өз кәсібімді жақсы көремін және пациенттерге пайда әкелуге, азаматтардың денсаулығын сақтауға өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Барлық әріптестерімді кәсіби мереке ‒ Халықаралық мейіргерлер күнімен құттықтаймын», ‒ деді Баян Ысқаққызы.

WhatsApp Image 2025 05 14 at 14.23.17

 WhatsApp Image 2025 05 14 at 14.26.18