Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 68

 Астана қаласы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы 17 шілде 2025 жылы жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына тексеру мониторингі мен бақылауына жауапты медициналық ұйымдардың өкілдерімен семинар-жиналыс өткізді.

WhatsApp Image 2025 07 17 at 15.38.53

Іс-шараның мақсаты — профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру және АИТВ-инфекциясының вертикальды жолмен берілуінің алдын алу шараларын жетілдіру.

Семинар барысында 2025 жылдың 6 айындағы Астана қаласындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы ұсынылып, жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін тексеру бойынша медициналық ұйымдар кесіндісіндегі қамтылу деректері талданды. 2025 жылдың алғашқы алты айында 13105 жыныстық серіктес АИТВ-инфекциясына тексерілді, қамтылу көрсеткіші 95 % деңгейінде тіркелді. Тексерумен төмен қамтылған ұйымдар анықталып, бұл көрсеткіштің төмендеуіне әсер ететін ықтимал себептер қарастырылды. Сондай-ақ 109.3 коды бойынша босану кезінде тексеруден өткен жүкті әйелдерге қатысты мәселелер көтерілді.

Жиналыс барысында Орталық мамандары тексеру қамтылуын арттыру, мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту бойынша ұсыныстар берді. Сөз сөйлеушілер тест алдындағы кеңес беру, нәтижелерді интерпретациялау, құжаттама жүргізу, сондай-ақ пациенттерді қайталап тексеруге бағыттау алгоритмдері мәселелерін де талқылады.

Семинар күнделікті тәжірибеде туындайтын өзекті мәселелерді талқылаумен және медициналық ұйымдар арасындағы тәжірибе алмасумен аяқталды. Қатысушылар АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігін атап өтті.

 WhatsApp Image 2025 07 17 at 15.38.52