2025 жылғы 16 сәуірде «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК конференц залында Астана қаласы әкімдігінің АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының өкілдерінің қатысуымен «2025 жылғы 1-тоқсандағы донорлықтың инфекциялық қауіпсіздігі жұмысының қорытындысы» тақырыбында бірлескен кеңес өтті.
Кеңеске Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Т.Н. Савчук, Эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бастығы Г.Е. Айтуганова, дәрігер эпидемиолог С. А. Алдажарова, ТҒӨО-ның құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері мен дәрігерлері қатысты.
Кездесудің мақсаты донорлық қанның инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды талқылау және әзірлеу.
Директордың орынбасары С.Б. Мусина жиналысың ашылуында, гемоконтактілі инфекциялардың алдын алудың маңыздылығын, клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға донорларды тексеруді ұйымдастыру мәселелерін атап өтті.
Кеңесте «Қазақстан Республикасындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайы, Астана қаласы. АИТВ-инфекциясының таралу ерекшеліктері, негізгі үрдістері. Астана қаласы бойынша донорлар арасындағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдай, 2024 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғандағы 2025 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы» презентациясымен Эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Б.К. Құлтанова сөз сөйледі.
Емдеу алдын ала көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі М.К. Абдумананова өз сөзінде ҚР ДСМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 211 бұйрығына сәйкес АИТВ инфекциясы ағымының клиникалық ерекшеліктері, АИТВ инфекциясы кезінде мүмкін болатын белгілері туралы айтты.АИТВ дәрежесі оң пациенттерге медициналық көмек көрсету.
Кеңес барысында қатысушылар ТҒӨО-да инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, трансфузиялық берілу жолының алдын алудың маңыздылығын атап өтті. ЖДП-ны қолдану мәселесі көтерілді.
Іс-шара соңында тараптар 2025 жылға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастықты күшейтуге дайын екендіктерін білдірді.