Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 36

Елордада Репродуктивті денсаулық апталығы жалғасуда. 2025 жылдың 15 мамырында «Астана медицина университеті» КЕАҚ студенттері мен оқытушылары үшін «Жастардың репродуктивті денсаулығы және АИТВ-инфекциясының алдын алу» атты ауқымды семинар өтті. Күн тәртібінде: қоғамдық денсаулықтың маңызды бөлігі – репродуктивті денсаулық.

WhatsApp Image 2025 05 15 at 15.35.25

Семинардың мақсаты жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығы, АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың берілу және алдын алу жолдары туралы хабардарлығын арттыру, сондай – ақ медициналық көмекке жүгінудегі стигма мен кедергілерді азайту болып табылады, себебі ерте көмекке жүгіну репродуктивті денсаулықты сақтаудың кепілі болып табылады.

Жұқпалы аурулар дәрігері М. Ә. Шолпанқұлова АИТВ, ЖЖБИ клиникасы мен емделуіне егжей-тегжейлі тоқталып, уақтылы тексерудің, емдеудің және отбасын жоспарлау принциптерінің маңыздылығын атап өтті.

Семинар барысында қалалық АИТВ-жұқпасы орталығының дәрігерлері жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде бүкіл әлем бойынша өткізілетін ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күніне тоқталды. «Бұл күн ауруға байланысты өмірден өткен кісілерді еске түсіруге ғана емес, сонымен бірге АИТВ — мен байланысты стигманың алдын алу және жеңудің маңыздылығын еске салады»,-деді эпидемиолог А.А. Идрисова студенттердің алдында сөйлеген сөзінде. Қатысушыларға АИТВ-ның жұғу жолдары және алдын алу тәсілдері, авариялық жағдайлар кезінде кәсіби қорғау шаралары мен жұқтыру тәуекелдері, медицина студенттерін АИТВ-ға тексеру тәртібі және Жастар денсаулық орталықтары мен Достық кабинеттерінің қызметтері туралы ақпарат ұсынылды.

WhatsApp Image 2025 05 15 at 15.35.54

 WhatsApp Image 2025 05 15 at 15.35.53

 WhatsApp Image 2025 05 15 at 15.35.53 1