Тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы № 29990, № 47762 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында ақпараттық кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты-АИТВ туралы қол жетімді және сенімді ақпарат беру, осы аурумен байланысты мифтер мен фактілерді талқылау және сұрақтар мен жауаптардың ашық форматын қамтамасыз ету.
Іс-шара спикері профилактика бөлімінің дәрігері Жанна Бекетова ашық диалогта АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу әдістері, елордадағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтып, инфекцияның ықтимал кәсіби тәуекелдеріне тоқталды.
Дәріскер АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигматизациялау мен кемсітуге жол берілмейтінін атап өтіп, кездесуге қатысушыларды хабардар болуға, адамдардың құқықтарын сақтауға және шыдамдылық танытуға шақырды.