Кампания Астана қаласы әкімдігі жанында өткен дөңгелек үстел мен АИТВ мәселелері бойынша тәжірибені зерделеу мақсатында Қарақалпақстаннан келген қонақтармен кездесу арысында бастау алды.
Науқан аясында АИТВ орталығы АИТВ-инфекциясының мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-профилактикалық жұмысқа баса назар аудара отырып, бірнеше маңызды іс-шаралар өткізді. Қала оқушылары арасында «АИТВ туралы не білемін?» шығармалар конкурсы, 9-11 сынып оқушылары мен қала студенттері арасында ұлттық спорт пен волейболдың бірнеше түрі бойынша "Біз АИТВ-ның таралуына қарсымыз" атты спорттық жарыстар, сондай-ақ «Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы» (КМПА) қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Астана» медицина университеті КеАҚ студенттері арасында студенттік конференция мен пікірталас, С.А.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне арналған форум өткізілді.
Сонымен қатар қала тұрғындары үшін айлық кезінде сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында, «Нұрлы жол», «Астана» теміржол вокзалдарында, жалпы білім беретін мектептерде, жоғары оқу орындарында, орта оқу орындарында 70-тен астам іс-шара өткізіліп, 700-ден астам адам жедел әдіспен АИТВ-ға тексерілді. Айлықты ұйымдастырушы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы қатысушылар QR-кодты сканерлеу арқылы АИТВ туралы ақпараттық роликтерді қарап, АИТВ туралы қызықты мақаламен таныса алатын «5 минут уақытыңды бөліп, АИТВ туралы ақпарат ал» тақырыбында онлайн-челлендж өткізді.
Кампания барысында АИТВ-инфекциясы мәселелерін жариялаған «Бірінші канал Еуразия», «Шалқар радиосы», «Elorda.info» сияқты БАҚ өкілдері мен «Астана» медицина университетінің студенттері, Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары дипломдармен және алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
«Игі істер марафоны» қайырымдылық акциясында АИТВ-мен ауыратын науқастардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. «Хан Шатыр» СОО-да өткен кең ауқымды акция айлықты қорытындылады.
Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Қанат Аскаров «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің кезекті науқаны біздің күш-жігерімізді, медицина қауымын, студент жастарды, оқушыларды халық арасында қосымша ақпараттық-білім беру іс-шараларын өткізуге, жастардың назарын АИТВ-ның алдын алуға аударуға, АИТВ-ға тестілеудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау туралы айтуға мүмкіндік берді», - деді.