Печать
Категория: Uncategorised
Просмотров: 65

2025 жылғы 27 маусымда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Г.Сакупова, ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының» ШЖҚ РМК медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

WhatsApp Image 2025 06 27 at 16.16.04

Семинарда ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай ұсынылды. ҚР ДСМ-нің 27.11.2020 ж. № 211 бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясы кезінде мүмкін болатын аурулар мен белгілер, анықталған жағдайда халықты клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясына тексеруге ерекше назар аударылды. Аппатық жағдайлар кезіндегі іс-әрекет алгоритмі, АИТВ-ның постконтакті профилактикасын тағайындау, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелерін де қарастырды.

Семинар барысында спикер қатысушылардың назарын АИТВ-инфекциясын диагностикалау, тестілеу түрлері, оның ішінде экспресс тест өткізуге аударды.

Семинардың мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу және диагностикалау мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің хабардарлығын, кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ медициналық көмек алу кезінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу болып табылады.

 WhatsApp Image 2025 06 27 at 16.16.05 1

WhatsApp Image 2025 06 27 at 16.16.05