ЖИТС-пен күрес күні және оның бүкіл әлемде АИТВ-ның таралуын тежеудегі рөлі талқыланған дәріс-семинар студенттердің қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың стигмасына қатысты сұрақтар қойылып, талқыланды.
Жүргізіліп жатқан ақпараттық-профилактикалық жұмыстар жастардың мінез-құлқына жағымды әсер қалдырғандықтан желтоқсанның алғашқы онкүндігінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар, атап айтқанда студенттік жастармен, еңбек ұжымдарымен және жалпы халық арасында кездесулер, дәрістер, әңгімелер мен семинарлар өткізу жалғасатын болады.
Студенттермен кездесу өткізген дәрігер-эпидемиолог А.И. Жаманова «Студенттердің талқылау процесіне қатысуы олардың АИТВ мәселесіне бей-жай қарамайтындығын және АИТВ инфекциясына өзін қорғауға байланысты мінез-құлық қағидаларымен таныс екендіктерін көрсетті. Бұл болашақта жастардың қауіпті жағдайлардан өздерін қорғауға көмектеседі. Студент қауымы - бұл болашақ маман иелері болғандықтан, олардың қандай да болмасын жағдайларға дайын болуы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген қарым-қатынасы еліміздегі АИТВ жағдайын өзгертуге көмектесуі мүмкін»,- деді.