02.02.2015ж. Астана қаласының ЖИТС орталығы мамандарымен «Астана қаласы бойынша «Өрлеу» мұғалімдердің санатын жоғарлататын Ұлттық орталығында» АҚ семинар-тренинг болып өтті. Тренингтің мақсаты АИТВ инфекциясы мәселесіне мұғалімдердің көңілін бөлу және АИТВ инфекциясын жұқтырудың оқушылардың жүріс-тұрысы қауіпсіздігін сақтаудағы қажеттік туралы.
Тренингтің барысында АИТВ инфекциясының жастар арасындағы көкейкесті мәселелері туралы ақпарат, оқу орындарындағы жұмыстың ұйымдастырылуы, интерактивті оқу формасының әдістері берілді.
Барлық тренингке қатысушыларға мұғалімдерге арналған «Мектеп жағдайларындағы АИТВ инфекциясын алдын алу» әдістемелігі таратылды.