Астанада АИТВ орталығы мен ҮЕҰ-дың 2025 жылғы бірлескен жұмысы қорытындыланды
2026 жылғы 4 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің АИТВинфекциясының алдын алу орталығында «АИТВ орталығы мен үкіметтік емес ұйымдардың 2025 жылғы бірлескен жұмысының қорытындылары» тақырыбында ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Нипах вирусына эпидемиологиялық қадағалау және алдын алу мәселелерінің өзекті мәселелері
2026 жылғы 3 ақпанда Нипах вирусының эпидемиологиялық жағдайына арналған семинар өтті. Іс-шара барысында әлемдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты өзекті мәліметтер ұсынылды, Қазақстан Республикасының аумағына инфекцияның әкеліну қаупі қаралды, сондай-ақ Нипах вирусының эпидемиологиясы, клиникалық көріністері және берілу жолдарының ерекшеліктері талқыланды.
Медициналық кеңес отырысы
2026 жылғы 30 қаңтарда Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында Медициналық кеңес отырысы өтіп, онда 2025 жылғы қызмет қорытындылары шығарылды. Бөлім меңгерушілері негізгі көрсеткіштер, жетістіктер мен түйткілді мәселелер бойынша баяндама жасады. Сөз сөйлеу барысында АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен таралуының алдын алу, халықтың түйінді топтары арасында алдын алу бағдарламаларын іске асыру және клиникалық мониторинг мәселелері айтылды.
Қорғайтын білім
30 қаңтарда Астана қаласының Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясының оқушылары АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріске қатысты.
Студенттерге АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары туралы айтылды
АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының педагогы А. Т. Турымова Менеджмент және бизнес колледжінің студенттері үшін семинар өткізді.












