Астана қаласы бойынша 15-49 жас аралығында АИТВ-ның таралу деңгейі 0,36 % көлемінде сақталып отыр, халықты АИТВ-ға тестілеумен қамту 27,3 %-ды, антиретровирустық терапиямен қамту 92 %-ды, антиретровирустық терапияның тиімділігі 94 %-ды құрады. Сонымен қатар талдауды, қайта қарауды және тиісінше оңтайландыруды қажет ететін мәселелер мен процестер бар.

АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы директорының міндетін атқарушы Денис Панченко отырысты қорытындылау барысында мақсатты индикаторларға қол жеткізумен қатар іске асырылып жатқан іс-шаралардың сапасына, оның ішінде АРТ-қа бейілділікке, профилактикалық бағдарламаларға бейілділікке, халықтың негізгі топтары үшін ДК қызметтерінің қолжетімділігіне назар аудару қажет екенін, «95-95-95» стратегиясын іске асыруды тиімді жалғастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейтуді атап өтті.

Қорытынды бөлімде АИТВ инфекциясының алдын алу, емдеу және таралу қарқынын төмендетуге бағытталған басым міндеттер мен оларды іске асырудың нақты жолдары айқындалды.

 

 

 

WhatsApp Image 2026 02 01 at 17.00.39 1  

WhatsApp Image 2026 02 01 at 17.00.38 1

 WhatsApp Image 2026 02 01 at 17.00.38 3

 WhatsApp Image 2026 02 01 at 17.00.39