Сервис және туризм колледжінің студенттері АИТВ-ға жедел тестілеуден өту мүмкіндігімен пайдаланды
2025 жылғы 19 қарашада Астана қаласының Сервис және туризм колледжінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында Ашық есік күні өтті. Іс-шара оқытушылар мен студенттердің АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы хабардар болу деңгейін арттыруға, сондай-ақ жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.
«Сауран» ауда орталығындағы халыққа арналған акция
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған іс-шаралар аясында «Сауран» сауда орталығында қалалық АИТВ-жұқпасы орталығының мамандары Астана тұрғындары мен қонақтары үшін «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» атты акция өткізді.
Оқушылар Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған дәріске қатысты
АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары № 15 қалалық емхананың Жастар денсаулық кабинетімен бірлесіп, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған Мұхтар Әуезов атындағы № 86 мектеп-гимназиясы мен Astana Garden International School оқушылары үшін профилактикалық акция өткізді.
«Мирас» мектеп оқушыларына арналған дәріс
Астана қаласы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А.И. Жаманова «Мирас» халықаралық жекеменшік мектебінің жасөспірім оқышыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді.
Астанада негізгі топтармен жұмыс бойынша тренинг өтті
12–13 қараша 2025 жылы Астанада есірткі қолданатын адамдармен жұмыс істейтін ҮЕҰ қызметкерлері мен Астана қаласының АИТВ орталығы мамандарына арналған тренинг өтті. Оқу Жаһандық қор гранты аясында ұйымдастырылды.












