2015 жылы 23 сәуірде ЖИТС орталығының мамандары «№1 парк Highvill» құрылыстық ұйымының жұмысшыларына Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, «Еңбек шеңберіндегі АИТВ/ЖИТС-тың өзектілігі» тақырыбына семинар, және АИТВ жұқпасының алдын алу сұрақтары бойынша жұмысшылардың білімдерін тексеру үшін дейінгі және кейінгі тест сауалнама жүргізді.
Семинарға 310 адам (электромонтажшы, жасаушылар, бетоншылар, каменщиктер) қатысты. Тыңдаушылар семинарға белсенді қатысып, алған ақпараттарды талқылап, сұрақтар қойды. Жұмысшыларға ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар, календарлар) және жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды.