2005

18.05.2015 жылы ЖИТС орталығы Дүниежүзілік ЖИТС құрбандарын еске алу күніне арналған «Бизнес және менеджмент» колледжінде кең көлемді акция өткізді.  

 

 

АИТВ жұқпасы жайында және әр адамның өз елінде, өз қаласында АИТВ/ЖИТС сияқты мәселені шешуге өз үлесін қоса алатыны туралы ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Бексултанова Д.Т айтып берді, сондай ақ педагог Нұрмағамбетова А.Т студенттерге «Сен АИТВ жұқпасы жайында не білесін?» әр түрлі қызықты викториналар өткізіп, студенттер бұл тақырыпта өлең шумақтарын шығарды.
Студенттер АИТВ жұқпасының берілу жолдары, АИТВ жұқпасынан қорғайтын әдіс-тәсілдерінен өздерінің білімдерінің жоғары деңгейде екендігін көрсетті. Викторинаның ең белсенді қатысушыларына жүлделі сыйлықтар ұсынылды. Акцияда колледждің 1-2 курс студенттері және оқытушылары ЖИТС орталығының мамандары қатысты.
Жалпы іс-шарамен 120 адам қамтылды. Барлығына ақпараттық-оқу құралдары (кітапша, үнпарақтар) таратылды.