2105

 Ағымдағы жылдың 21 мамырында ЖИТС орталығының мамандарымен №1 Автопарк АҚ ұйымының жұмысшыларына «АИТВ жұқпасының берілу жолдары. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбына семинар өткізілді.

 

Семинар қазіргі қоғам мәселесі АИТВ/ЖИТС туралы жұмысшыларды ақпараттандыру үшін негізделді. ЖИТС орталығының мамандары АИТВ жұқпасының алдын алу және одан қорғану тәсілдері туралы айтып берді. Семинардың бір бөлігінде дәрістің алдында және соңында 20-50 жас аралығындағы жұмысшылардың білімдерін тексеретін дейінгі-кейінгі тестілеу сауалнамасы жүргізілді. Іс-шара соңында ақпараттық-оқыту құралдары (кітапшалар, күнтізбелер) және қалаушыларға жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды. Семинарға 60 адам (әкімшілік, кондукторлар, жүргізушілер) қатысты 

 210515