30

2015 жылдың 29.06-01.07 аралығында Астана қаласына Беларусь Республикасының делегациясы келді. Делегация құрамында Беларусь Республикасының денсаулық сақтау министірлігі, қаржы министірлігі, облыстық және аудандық атқарушы комитеттер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болды.

 

 

Бірінші күні қонақтар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің вице-министрі А.В. Цоймен кездесті.
АИТВ жұқпасының алдын алу жөнінде жұмысты ұйымдастыру, ҚР-ғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты нормативті-құқықтық реттеу, Қазақстанның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты әзірлеу және қабылдау Заңы туралы тәжірибелері беларусь делегациясын қызықтырды.
Кездесу барысында қонақтар Астана қаласының «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК келіп, дөңгелек үстел өткізілді. Делегацияның назарына бірнеше презентациялар көрсетілді. Қызығушылық туғызатын сұрақтар бойынша екі жақ мамандары пікір алмасты. Қонақтар тұрғындардың осал топтарымен алдын алу жұмыс жөнінде тәжірибе алмасу қажеттігін білдірді және ЖИТС орталығының алдын алу жұмысының ұйымдастыруы жоғары деңгейде екенін бағалады.

1111