06.08.2015ж. қалалық ЖИТС орталығында есірткіні тұтынушы адамдармен тиімді жұмысты ұйымдастыру мәселелері ҮЕҰ және денсаулық сақтау секторларының өзара әрекеттесу сұрақтары бойынша жиналыс өткізілді.
Кездесу тақырыбы: инемен есірткіні тұтынушылар арасында алдын алу бағдарламаларын іске асыру , бірлескен іс-қимыл жоспарын талқылау. Жиналыс барысында инемен есірткіні тұтынушылар арасында 2015 жылдың 6 айға дейін жұмыстың нәтижелері ұсынылып, мәселелер және оларды бірге шешу жолдарын қарастырды. Жиналыс Астана қалалық ЖИТС орталығының бас дәрігері С. Б. Абдраимов төрағалығымен өтті. Отырысқа МӘРО бас дәрігерінің орынбасары Г.Т. Бектаева, ЖИТС орталығының құрылымдық бөлімшелердің басшылары, МӘРО және ЖИТС орталығының дәрігерлері, «Шаг в будущее» ҚҚ өкілдері қатысты.