2015 жылдың 7-12 қыркүйек аралығында Астана қаласының № 45, 51, 53, 54, 55, 56, 57, 58 және 59 жалпы білім беру мектептерінде 9-11 сынып оқушыларымен АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу сұрақтары бойынша лекциялар өткізілді.
Шара барысында ЖИТС орталығының қызметкерлері С.Р. Мауленбергенова, К.Б. Арыстанбекова 995 оқушы қамтылған «Жасөспірімдерге АИТВ-жұқпасы туралы» атты лекциялар өткізді. Қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды.