АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын арттыру үшін Қазақстан Республикасының ДС ӘД 07.17.2015ж. кеңесінің шешіміне сәйкес.
2015 жылдың 14-23 қыркүйек аралығында Астана қ. ЖИТС орталығының дәрігерлері Бексұлтанова Д.Т., Каратаева Г.Е. және лаборант Канапьянов А. «Астана Жылутранзит» АҚ, «Астана су арнасы қызметкерлері үшін акциялар өткізді. Кəсіпорындардың қызметкерлерімен АИТВ жұқпасының алдын алу, берілу жолдары бойынша дәрістер, сұхбаттар, АИТВ жұқпасына тестілеудің маңыздылығы , сондай-ақ кәсіпорындардың ұйымдастыру бөлімдері үшін сауалнама жүргізді. АИТВ жұқпасына экспресс-тестілеуден көбісі 20-45 жас аралығындағы қалаушылар болды. Тестілеуден 174 адам өтті. Акция барысында ақпараттық-оқу құралдары (үнпарақтар, кітапшалар), жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды. Акциямен 343 адам қамтылды.