19 қараша қайырымдылық айлығы қарсаңында ЖИТС орталығының мамандары «Шар құрылыс» ЖШС, «Инстальком» ЖШС, «GLB» ЖШС, «Иншаат» ЖШС және «Комплекс энерго» ЖШС құрылыстық ұйымдарының жұмысшыларына акция өткізді.
19 қараша қайырымдылық айлығы қарсаңында ЖИТС орталығының мамандары «Шар құрылыс» ЖШС, «Инстальком» ЖШС, «GLB» ЖШС, «Иншаат» ЖШС және «Комплекс энерго» ЖШС құрылыстық ұйымдарының жұмысшыларына акция өткізді. Дәрігерлер «АИТВ/ЖИТС дегеніміз не? АИТВ жұқпасының берілу жолдары. Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбына дәріс оқыды. Акция барысында ЖИТС орталығының медбикесі АИТВ жұқпасына экспресс-тестілеу жүргізді, тестілеумен 105 адам тексерілді.
Тыңдаушылар АИТВ жұқпасының емі мен алдын алуының тиімділігі мен сапасына айрықша көңіл аударды. Акция қатысушыларын қызықтыратын сұрақтарына мамандар жауап берді. Іс-шара аралығында ЖИТС орталығының мамандары емі жоқ ауру шалдығуларға әкелетін, ынтық пен жаман әдеттерден бас тартуына шақырды. Акция уақытында қысқаша мазмұндалған АИТВ/ЖИТС бойынша негізгі түсініктер - ақпараттық-оқу кітапшалары және жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды. Іс-шарамен 200 адам қамтылды.