1452015 жылғы 4 желтоқсанда «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық орталығында Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай кеңауқымды акция ұйымдастырылып өтті.

 

2015 жылғы 4 желтоқсанда «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық орталығында Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай кеңауқымды акция ұйымдастырылып өтті.
 Мақсаты – қоғамның АИТВ жұқпасының мәселесіне, жеке бас денсаулығына жауапкершілігін арттыруға көңіл бөлу.
Акцияның өтуіне қала жастары, Медико-техникалық колледж, Астана медицина университеті, Қазақ Ұлттық Өнер университеті студенттері, ЖББМ оқушылары тартылды. Акция барысында флеш-моб, плакаттар конкурсі, спорттық ойындар, викторина, концерттік нөмірлер ұйымдастырылды.
2015 жылдағы жемісті, бірлескен жұмыс үшін ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы Астана қ. Ішкі саясат басқармасына, Білім басқармасына,  Астана қ. ІСД-на, Қ. Қуанышбаев атындағы театрға, ЕҰУ, ҚазАТУ, Политехникалық колледжға, «Шалқар» радиосына, «Видергебурт» НҚ,  Қызыл ай қоғамына, «Хабар» телеарнасына,  «Астана ақшамы» газетіне алғыс білдірді.
Акцияда қатысушылар өз қалауы бойынша тегін, анонимді түрде АИТВ-жұқпасына экспресс-тест тапсырып, дәрігер кеңесін алды.
Барлық белсенді қатысушыларға орталық атынан бағалы сыйлықтар, грамота және мақтау қағаздары табыс етілді. Іс-шараға 1500ге жуық адам қатысты.