IMG-20151210-WA0007Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні Астана медициналық университетінде ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның ұйымдастырушылары - АМУ микробология және вирусология кафедрасы, Астана қаласының әкімдігі ЖИТС орталығы.

 

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні Астана медициналық университетінде ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның ұйымдастырушылары - АМУ микробология және вирусология кафедрасы, Астана қаласының әкімдігі ЖИТС орталығы.
Стоматологиялық факультетінің 2-4 курс студенттерінің назарына келесі тақырыптар бойынша қалалық ЖИТС орталығының дәрігерлері презентациялар көрсетіп, сөз сөйледі: Абдрахманов Е. С. «ҚР-ғы АИТВ жұқпасына эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыру», Яфарова М. А. «Әлем бойынша АИТВ жұқпасының жағдайы», Нугманова Л. С. «АИТВ жұқпасы және оппортунистік жұқпалардың скринингі, диагностикасы», Нургожина Г. С. «Астана қаласындағы АИТВ-ны жұқтырған науқастардың емі мен қарау тәжірибесі». Сонымен қатар, студенттер «Ауыз қуысындағы АИТВ жұқпасының көрінісі» презентациясын дайындап, «АИТВ және жастардың болашағы» видеосценарийін көрсетті.
Конференциямен 300 адам қамтылып, оның ішінде 125 адам АИТВ жұқпасына тестілеуден өтті. Барлығына ақпараттық-оқу  және жеке қорғаныс құралдары таратылды.