2016 жылы 25 ақпанда Астана қаласының әкімдігі «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында» МКҚК 2015 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша Медициналық кеңес отырысы өткізілді.
Отырыста орталықта атқарылған диагностика, емдеу және алдын алу жұмыстары баяндалып, талдау жасалынды. 2015 жылы жасалынған іс-шаралардың нәтижесі талқыланып, баға берілді. Медициналық кеңес отырысында бөлім меңгерушілері тарапынан АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу және емдеу мәселелері мен оны шешу жолдары қарастырылды. Отырыс соңында бас дәрігердің орынбасары Мусина С.Б. орталық мамандарын «Денсаулық» бағдарламасы аясында 2016 жылы орындалатын негізгі тапсырмалармен таныстырды.