0403152016 жылы 4 наурызда ЖИТС орталығының дәрігерлері Д.Т. Бексұлтанова және Г.Е. Қаратаева Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік индексін жоғарылату аясында астаналық Кәсіпкерлер палатасында ірі және орта бизнес құрылымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде қатысушылар АИТВ жұқпасының бизнеске әсері жайында талқылады.

Басшылар бизнес құрылымдарының объектілері арасында Жаһандық бәсекелістікке қабілеттілік индексі қалай қалыптасатыны және бағаланатыны, сонымен қатар Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайын «АИТВ жұқпасының бизнеске әсері» индикаторы бойынша ЖБИ рейтингін өткізетінімен танысты.
Д.Т. Бексұлтанова «Қазақстан АИТВ-инфекциясыз!» жаднама-сауалнамаға егжей-тегжейлі тоқталып, бизнес құрылымдарының басшылары арасында сауалнама жүргізді. Кездесудің соңында ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар) таратылды.

04003