2016 жылы 11 наурызда ЖИТС орталығының мамандары Астана қаласының ТЖ Департаментінің қызметкерлеріне АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша дәріс өткізді.
Дәріс барысында АИТВ жұқпасының Астана қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары және алдын алу шаралары сұрақтары қарастырылды.
Дәріске 95 адам қатысты. Барлығына қысқаша мазмұндалған АИТВ/ЖИТС бойынша негізгі түсініктер ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар, үнпарақтар), сонымен бірге жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды.