IMG 20160329 WA0003Тұрғындарды ақпараттандыру және АИТВ жұқпасына тестілеу өткізуін кеңейту бойынша іс-шаралар науқанын іске асыру шегінде, 2016 жылы 29 наурызда Астана қаласының ЖИТС орталығының мамандарымен «Астана жылу транзиті» АҚ өндіріс кәсіпорында акция өткізілді.

Эпидемиолог дәрігерлері Д.Т. Бексұлтанова және Г.Е. Каратаева берілу жолдары туралы және жұқтырудан қорғану тәсілдерін айтып берді. Мамандар қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптарын қайтарды. АИТВ-позитивтілер стигмасы және кемсітушілік тақырыбы ерекше талқыланды. Іс-шараға қатысқандардың ішінен 60 адам АИТВ жұқпасына экспресс-тестілеу әдісімен тестілеуден өтті. Акция ақпараттық-оқу және жеке қорғаныс құралдарын (мүшеқаптар) таратылуымен аяқталды. Іс-шараға 118 адам қатысты.

 IMG 20160329 WA0003

IMG 20160329 WA0008