2016 жылы 31 наурызда ЖИТС орталығының мамандары Д.Т. Бексұлтанова мен С.Р. Мауленбергенова «Сарыарқа» сауда және ойын сауық орталығының қызметкерлеріне « АИТВ жұқпасының берілу жолдары. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында тыңдаушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Іс-шара соңында ақпараттық-оқу және жеке қорғаныс құралдары таратылды. Қатысқандар саны 30 адам.