2016 жылғы 7 сәуірде Менеджмент және бизнес колледжінде АИТВ-инфекциясын тестілеуді кеңейту кампаниясын жүзеге асыру аясында Астана қаласындағы ЖИТС қалалық орталығы мамандары дәрігер-эпидемиолог А.С.Жанузакова, педагог А.Т.Нурмагамбетова және мейірбике М.А.Комалбекова акция өткізді.
Ісшара барысында студенттерге АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен инфекциядан қорғану тәсілдері туралы әңгімелесу өткізіліп, ерте жыныстық қатынасқа түсу мәселесі бойынша сұрақтар талқыланды. Акция барысында 25 студент өз еріктері бойынша АИТВ-ға қарсы экспресс-тестілеуден өтті.
Ісшараны қорытындылау барысында акцияға қатысқан барлық студенттерге АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.