IMAG16932016 жылы 12-13 сәуірде ЖИТС орталығының мамандары Мауленбергенова С.Р. мен Арыстанбекова К.Б Астана поштамты «Қазпошта»АҚ Астана филиалы орталық операциялау учаскесі мен поштаның сұрыптау және тасымалдау учаскесі жұмысшылары арасында Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары және алдын алу сұрақтары бойынша дәріс өткізді.

Ағымдағы іс-шара бәсекелестікке қабілетті жаһанды индексті жоғарлату негізінде өткізілді. Тыңдаушылар семинарға белсенді қатысып, алған ақпараттарды талқылап, қызықты сұрақтар қойды. Семинарға 88 адам қатысты. Жұмысшыларға ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар, үнпарақтар) таратылды.

IMAG1684