Астана қаласының ІІД-і баспасөз қызметінің мәлімдеуі бойынша, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен бірге 2016 жылы 1-15 сәуір аралығында вокзал ауласының аумағында жезөкшелікке жол бермеу және АИТВ-жұқпасына қарсы бағытталған оперативті - алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Астана қаласында АИТВ-жұқпасының жыныстық қатынас арқылы берілу жолының үдемелі өсуі байқалуда. Осыған орай тұрғындардың осал топтарымен тиімді алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Іс-шара барысында 100 секс қызметкерлері АИТВ жұқпасына тексерілуден өтті. Олармен әңгімелесу жүргізіліп, барлығына ақпараттық-оқу құралдары таратылды.