2016 жылғы 20 сәуір күні Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың назарын Астана қаласындағы АИТВ/ЖИТС-пен аурушаңдықтың проблемасын төмендетуге және эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға, жастар арасындағы АИТВ-ның алдын алу мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейді жоғарлатуға бағыттау.
Отырыста денсаулық сақтау саласында ҮЕҰ-ның рөлі, «тең-теңімен» әдісі бойынша оқыту принциптері және АИТВ-ның алдын алу бойынша ҮЕҰ-мен өзара қарым-қатынас жолдары туралы презентациялар ұсынылды.Қатысушылар АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша өзекті мәселелерді және шешудің мүмкін жолдарын талқылады. Іс-шараның соңында 2016 жылға арналған ҮЕҰ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.