2016 жылы 23 сәуірде ЖИТС орталығының мамандары «Сембол Улусларарасы Ятырым Тарым Туризм Пейзаж Иншаат Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети» АҚ құрылыстық компаниясында АИТВ-жұқпасына алдын алу тестілеу акциясын өткізді.
«Жұмыс орнында АИТВ/ЖИТС-тың профилактикасы» атты акциясы құрылысшылардың назарын АИТВ жұқпасына тестілеуден тұрақты өту қажеттілігі мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға арналған.
Дәрігерлер соңғы жылдары Астана қаласында АИТВ жұқпасының жыныстық қатынас арқылы берілуінің жоғарлағанын айтып берді.
Акция барысында ақпараттық-оқу және жеке қорғаныс құралдары таратылды.
Іс-шарамен 250 адам, соның ішінде 115 адам тестілеумен қамтылды.