0011002016 жылғы 20 сәуірде ЖИТС орталығының дәрігер - эпидемиологы Д.Т.Бексултанова «Алсим Аларко» ЖШС ұйымының басшыларына, техника қауіпсіздігінің инженерлеріне және құрылыс жұмысшыларына «АИТВ-инфекциясының бизнеске әсері» тақырыбында семинар өткізді.

Жұмысшылар АИТВ-инфекциясының алдын алудағы қызықты да маңызды аспектілерге назар аударды. АИТВ-жұқпасын жұқтырған адам қанша уақыт өмір сүреді? ЖИТС-тан дәрілік зат бар ма? Деген сияқты көптеген сұрақтар қойылды.
Семинар соңында мүшеқаптар таратылып, «Алсим Аларко» ЖШС басшыларымен сауалнама өткізілді.

001100

00222100