IMG 77882016 жылғы 16 мамырда Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетімен бірге Халықаралық ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай «Өмір сүремін, мәңгі есімде» атты  акциясын өткізді.

Акцияға жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Акцияны ЖИТС орталығының  бас дәрігері С. Абдраимов пен Университеттің Спорт ісі жөніндегі комитет төрағасы А. Ермухамбетов ашты. ЖИТС орталығының мамандары қатысушыларға ЖИТС құрбандарын еске алу күнінің мақсатын, қызыл лентаның мағынасын және АИТВ-ның алдын алу шаралары жайлы айтып берді. Шара барысында жылжымалы зертханада АИТВ-ға экспресс-тест жасалынып, психоәлеуметтік кеңес берілді. «Видергебурт» немістер қоғамының «Таңдау сізден» атты театрлық қойылымы қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Викториналық сұрақ-жауаптар ойнатылып, жастар АИТВ-ның алдын алу бойынша өздерінің жоғары білімдерін көрсетті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Акцияда Мемлекеттік филармонияның әртістері өнер көрсетті. Қатысушыларға АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу тақырыбында ақпараттық-оқу құралдары таратылды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында Қызыл ай қоғамының атынан қайырымдылық акциясы өткізілді. АИТВ жұқпасымен өмір сүретін 15 отбасына азық-түлік жиынтықтары салынған үлкен пакеттер үлестірілді. Акция ЖИТС құрбандарын еске алу  ретінде қызыл шарлар салютымен аяқталды.
Акцияға Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты, білім беру, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармалары, Менеджмент және бизнес колледжі, «Видергебурт» немістер қоғамы және «Қызыл ай» қоғамы қолдау көрсетті.
Іс-шараға барлығы 506 адам қатысты.    

 DSCN0824

 

IMG 7830

 IMG 7931

 IMG 7934