Құрметті қала тұрғындары! Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы 2016 жылғы 19-26 мамыр аралығында халық арасында АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алдын алу мақсатында ұялы байланыс телефонын қолданушыларға СМС-хабарламалар таралымын жүргізеді.
Хабарлама мәтіні жеке азаматтарға қатысты жолданбаған және азаматтардың АИТВ-ның алдын алуда ұстанатын шаралары жайлы ақпараттылығын жоғарылату сипатына ие. Түсіністік танытады деп сенеміз.