1012016 жылғы 26 мамырда ЖИТС орталығы базасында Астана қаласының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС мен Жастар денсаулық орталығы АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірлескен отырыс өткізілді.

ЖИТС орталығының бас дәрігері С.Б. Абдраимов сөз сөйлеп, ынтымақтастық пен қойылған міндеттерді бірлесіп іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар жастар арасындағы АИТВ инфекциясының алдын алудағы бірлескен іс-шараларды және қарым-қатынастың одан әрі жолдарын талқылады. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС координаторы К.Ж. Хамзин және «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығының координаторы Е.А. Валеева кездесу барысында «ЖДО желісі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жастармен және жасөспірімдермен жұмыс жасау»,  «Жас Толқын» ЖДО жұмысы туралы» презентацияларын ұсынды. Сонымен қатар ЖИТС орталығының мамандары баяндама оқыды. Отырыс қорытындысы бойынша қарым-қатынас іс-шараларының бірлескен жоспары бекітілді.

102