Астана қаласы әкімдігінің ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, сондай-ақ Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасымен,
ЖИТС ҚО бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша қала тұрғындары арасындағы ақпараттылықты жоғарылату мақсатында 2016 жылғы мамыр айында қаладағы қоғамдық көліктердің аялдамаларында және қаланың магистралды көшелерінде қосымша қазақ және орыс тілдерінде 6 дана билборд, 18 дана пилон, 15 дана флагшток орнатылғандығын хабарлайды.