23.06.2016жылы Астана қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында БАҚ өкілдерімен «АИТВ/ЖИТС тақырыбын халыққа ақпараттандырудағы БАҚ-ның ролі» тақырыбындағы семинар өтті. Аталмыш шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинардың басты мақсаты журналисттердің АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша ақпараттылығын арттыру. Бірінші болып сөз алған орталықтың бас дәргері Сабит Бекмағанбетұлы әлеуметтік маңызы бар аурулардың бірі – АИТВ-ның алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралардың шынайы әрі нақты насихатталуына БАҚ-тың ролі басым екендігін атап өтті. Бас дәрігер бүгінге дейін орталық жұмысына ақпараттық қолдау көрсетіп келген тілшілерге алғыс білдіріп, алдағы уақыта да тығыз байланыста болуға шақырды. Келесі баяндамашы – бас дәрігер орынбасарының міндетін атқарушы Інжу Бекетқызы Аймағамбетова қатысушыларға «Роль СМИ в обеспечении доступа населения к объективной информации по ВИЧ и СПИД» тақырыбында баяндама жасады. Журналистер тарапынан сұрақтар қойылып ұсыныс, пікірлер айтылды. Қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Аталмыш шараға БАҚ-тың әр саласынан 13 журналист қатысты.
Журналисттердің төл мерекесіне орай, БАҚ-тың әр саласынан келген журналисттерге Астана қаласы әкімінің атынан 5 алғыс хат және ЖИТС орталығы атынан 8 алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.