WhatsApp Image 20160715 102016 жылы 15 шілдеде Астана қаласының ЖИТС орталығында Астана қаласының Ішкі істер департаментімен ведомствоаралық жиналыс өтті. Жиналысқа Ішкі істер департаментінің медициналық көмек көрсету және бөлімшелердің басшылары қатысты.
 

Мигранттардың АИТВ жұқпасына тексерістен өтуі, АИТВ жұқтырғандарды іздеу бойынша сабақтастығы және АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы туралы дәрігер эпидемиолог З.Б. Рахимбаева жиналыстың қатысушыларына айтып берді. 2015-2016 жылдардағы тұрғындардың осал топтары арасында алдын алу іс-шараларының нәтижелері жайында дәрігер эпидемиолог А.С. Жанузакова сөз сөйледі. Миграциондық полиция басқармасының взвод командирінің орынбасары Г.М. Камбаров ошақтағы контактілерді, АИТВ жұқтырғандарды іздеу бойынша ІІД қызметтерінің арақатынасы туралы баяндады.
Жиналыс қатысушылары бірлескен іс-шараларды одан әрі нығайту бойынша ұсыныстарды талқылады.

WhatsApp Image 20160715 10