IMG 20160809 11011209.08.2016 ж. Елдік үйлестіру комитетінің (бұдан әрі - ЕҮК) қадағалау комитеті мүшелері Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мен ЖИТС орталығында іссапармен болды.

Іссапардың мақсаты – алдыңғы іссапарлар қорытындысы бойынша ЕҮК қадағалау комитетінің ұсыныстарын іске асыру барысын бағалау. ЕҮК төрағасының орынбасары мен Қазақстандағы UNAIDS филиалының директоры А.Голиусовпен кездесу барысында АИТВ індетіне қарсы тұру және алдын алу шараларының тұрақтылығы бойынша қабылданып жатқан шаралардың оң нәтижелері туралы сөз қозғалды. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары И.К.Бакиров жергілікті атқарушы органдардың одан әрі де АИТВ-ң алдын алу, емдеу және диагностикасы бойынша стратегиялық іс-шараларды жүргізуге дайын екендігі туралы айтты.
Қатысушылар одан әрі ынтымақтастық пен біріккен жобалардың қатарын жүзеге асыру мүмкіндігі туралы келісімге келді.
 

 IMG 20160809 105959