ЖИТС орталығының мамандарымен Астана қаласының ірі және орта бизнес объектілерінің жұмысшыларына АИТВ сұрақтары бойынша ақпараттандыруды жоғарлату жөнінде алдын алу шараларын жалғастыруда.
2016 жылы 7 қырқүйекте мамандар Д.Т. Бексұлтанова мен К.Б. Арыстанбекова «Абай» қонақ үйінде «АкмолаТурист» АҚ-ның әкімшілігі мен қызметкерлеріне « АИТВ жұқпасының берілу жолдары. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара соңында ақпараттық-оқу және жеке қорғаныс құралдары таратылды. Қатысушыларға Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, бизнес жүргізудегі АИТВ-ның әсері жайында ақпарат ұсынылды.