2016ж. 8 - 9 қыркүйекте ЖИТС орталығының мамандары дәрігер эпидемиолог Бексултанова Д.Т., дәрігер эпидемиологтің көмекшісі Арыстанбекова К.Б. АИТВ жұқпасы бойынша бизнес объектілерінің ақпараттандыруын жоғарлату шегінде «Центрказэнергомонтаж» АҚ (ТЭЦ-2, ТЭЦ-3) ұйымының әкімшілігі мен жұмысшыларына «АИТВ жұқпасының берілу жолдары.
Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбына семинар өткізді. Кәсіпорын жұмысшыларына АИТВ жұқпасының берілу жолдары туралы қызықты деректер ұсынылды. Тыңдаушыларға ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар, үнпарақтар), сонымен бірге жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды. Семинарға 300 адам қатысты.