EO128.09.2016 ж. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының 06.06.2016ж. №596 «Денсаулық сақтау ұйымдарының эпидемиологтары арасында семинар өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, ЖИТС орталығында госпиталды эпидемиологтар мен АИТВ-инфекциясына жауапты мамандар арасында семинар ұйымдастырылды.
  

 Семинарда Астана қаласының АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайына шолу жасалып, сонымен бірге, қаланың медициналық қызметкерлердің АИТВ жұқпасына тексерілуінің қамтылуы бойынша талдау ұсынылды. Астана қаласының ЖИТС орталығы мен медициналық ұйымдардың арақатынасы, АИТВ-ны ауруханаішілік жұқтырудың алдын  алу, АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша госпиталды эпидемиологтардың қызметтері егжей-тегжейлі қаралды. Семинар ұйымдастырушылары АИТВ жұқпасына реципиенттердің тексерілу сұрағына қатысушылардың айрықша назарын аударды. Сондай-ақ, ЖИТС орталығының мамандары Астана қаласының медициналық ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету және өткізілген алдын алу іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезіндегі анықталған ескертулерді қарастырды.
    Семинарда Астана қаласының медициналық ұйымдарынан 27 дәрігер эпидемиолог, 2 эпидемиолог көмекшілері, 14 АИТВ жұқпасына жауапты мамандар және республикалық медициналық ұйымдар қатысты.