Инновациялық технологияларды енгізу мақсатында Астана қаласы ЖИТС орталығы лейкоциттердің субпопуляциясын сәйкестендірудегі жаңа амалдарды қамтамасыз ететін және реагентсіз технология негізінде АИТВ инфекциясы бар пациенттер арасында иммунологиялық мониторинг жүргізу үшін CD4 жасушасын санауға арналған қазіргі заманғы зертханалық жабдық – портативті қондырғы сатылып алынды.
CD4 жасушасын санауға арналған (BD FACSPresto Near-Patient CD4 Counter, Becton компаниясының өндірісі, Dickinson and Company, BD Biosciences, АҚШ) орнатылған портативті қондырғы - CD4 жасушасын абсолюттік, қатысты және жаңа алынған қандағы жалпы гемоглобиннің шоғырлануын (анемияны диагностикалау) санауға арналған әмбебап, шағын тасымалданатын талдағыш. Аталған аспап «point of care» тәртібінде қажет болған жағдайда зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді – қазіргі уақытта науқастың төсегінің жанында тестілеу жүргізу диспансерлік есепте тұрған науқастар, оның ішінде түзеу мекемесіндегі пациенттер үшін медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту талаптары болып табылады.
Кіріктендірілген бағдарламалық қамсыздандыру деректерді автоматты талдауды жүзеге асырады.
FACSPresto жүйесіне қолданысқа дайын бір рет қолданылатын картридждер кіреді. Биоматериалды жинау арқылы қылтамыр қанын, оның ішінде күре тамыр қанын зерттеуге болады.
Аспаптың өнімділігіне - сағатына 10 пациент. Алғашқы үлгінің нәтижесін 22 минуттан кейін алуға болады, одан кейінгі нәтижелерді алу уақыты – бір үлгі үшін 4 минут.