Астана қалалық ЖИТС орталығы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында 2016жылдың 15-қарашасында қалалық № 3-ші емханаға қарасты «Жас Толқын» жастар денсаулық сақтау орталығында жастар арасында акция ұйымдастырды.
Д. Қонаев атындағы ҚазАТК оқу орнының 2, 3-ші курс студенттері «Біз бірге АИТВ-ға қарсымыз» деген тақырыпта флешмоб билеп халықтың назарын аударса, тағы біреулері «Өз өмірім - өз қолымда» деген өлең жолдарын оқып, «Болашағың- өз қолыңда» деген қысқа көрністер көрсетті.
Іс-шараның басты мақсаты әр түрлі амал тәсілдермен жастарды АИТВ жұқпасынан сақтану жолдарымен ақпараттандыру. Сондай-ақ мамандар әр қатысушыға ақпараттық білім материалдарын таратып, денсаулықтарын сақтап жүруге кеңес берді.
Акцияға жастар белсене қатысып, өз еріктерімен жедел тестіден өтіп АИТВ-ға қан тапсырды. Шараға қатысқан 65 адамның 40қа жуығы жедел тестіден өтті.