ZOZHАстана қаласының ЖИТС орталығы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы Кампания аясында, 2016 жылы 22 қарашада қаладағы медициналық ұйымдардың СӨСҚ ұйымдастырушыларына семинар өткізді.
   

Семинар барысында медициналық қызметкерлер АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен танысты, сонымен бірге АИТВ қоздырғышы, жұқтыру көзі, берілу механизмі, жолдары және факторлары бойынша хабардар болды. Сондай-ақ, қатысушыларға Кампанияның мақсаттары мен міндеттері, Кампанияның ағымдағы жылдың ұраны, және айлық шегінде іс-шараларды ұйымдастыру бойынша  сұрақтар талқыланды.
    Семинарға 40 медициналық қызметкер қатысты. Айлықты өткізу үшін, барлығына постерлер, кітапшалар, үнпарақтар, аудио-бейнежазбалар,сауалнамалар таратылып жіберілді.