2016 жылы 6 желтоқсанда «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық орталығының ғимаратында, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен, Дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күрес күніне арналған «Мен қолдаймын! #АИТВ-ның алдын алу» кең ауқымды акциясы өтті.
Парламент Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшесі, Ауған соғысының ардагері, Қазақстан Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы, әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі – Смағұл Бақытбек акцияны салтанатты ашты, сонымен бірге, Олимпиада ойындарының чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Федерациясы және қауымдастығы күресінің вице-президенті – Мельниченко Юрий Васильевич акцияға келді. Олар акцияны қолдап жастарды спортпен шұғылдануға, өз денсаулықтарын қорғауға шақырды.
Акция кезінде астананың қонақтары мен тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынылды. «Қазақстан дауысы» конкурсінің жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет ән айтты. Акцияда қалалың ең үздік плакаттар мен суреттер конкурсінің жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Барлық белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар, грамоталар мен алғыс хаттар берілді. Ұйымдастырушылар АИТВ тақырыбын үздік дәріптеген журналистер мен БАҚ-ды «Үздік телебағдарлама» (ТК «Хабар», А. Адилова), «Үздік мақала» («Астана ақшамы» газеті, Қымбат Тоқтамұрат), «Үздік радиобағдарлама» («Шалқар» радиосы, М.И. Нығметова) номинациялар бойынша атап өтіп, акция демеушісінен ақшалы сыйлықтармен марапаттады.
Акцияны өткізу барысында, астананың қонақтары мен тұрғындары қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес алып, АИТВ жұқпасына экспресс-тест әдісі арқылы тексеруден өте алды. «Ханшатыр» СОО-ның 1000-нан астам келушілері АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуы бойынша мемлекеттік және орыс тілінде флаерлер, ЖИТС-қа қарсы күрес халықаралық нысаны – қызыл ленталар, «#АИТВжұқпасынаТЕСТТЕНөт!» білезіктерді алды. 130-дан астам адам АИТВ жұқпасына ерікті тестілеуден өтті. Акция Қазақстан қауымдастығы медик-студенттер көшбасшыларының «АИТВ-ға бірге қарсымыз» атты флешмобымен аяқталды.
Ұйымдастырушылар «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС, Мәдениет басқармасы, Ішкі саясат басқармасы мамандарына, ақпараттық серіктестерді, «Ханшатыр» СОО әкімшілігіне, «Астана медицина университеті» АҚ, «Қызыл жарты ай» ҚҚ арасынан еріктілер топтарына, сондай-ақ, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына белсенді қатысқаны және қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді.