2016 жылы 11 желтоқсанда Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында ЖБИ-нің көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында, ірі және орта бизнес кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өтті.
Отырыста ЖИТС орталығының мамандары АИТВ тұжырымдамасы, берілу жолдары, диагностикасы, емі, алдын алу шаралары туралы айтып берді. Кәсіпкерлерге ЖБИ-нің «АИТВ жұқпасының бизнеске әсері» көрсеткіші туралы ақпарат берілді.
Қатысушылар 2016 жылдың қорытындысы бойынша бизнес объектілері арасында алдын алу жұмысының нәтижелерін талқылады.
Отырыс соңында, басшыларға сауалнама жүргізіліп, барлық қатысушыларға «Қазақстан АИТВ жұқпасыз» жаднамалары мен АОҚ таратылды.