2017 жылы 27 қаңтарда ЖИТС орталығында 2016 жылдың қорытындысы және 2017 жылға қойылған басым мақсаттарды анықтау бойынша Медициналық кеңес өтті.
Отырыс барысында, 2016 жылда жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша баяндамалар тыңдалды. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы индикаторларының орындалуы және Республикалық ЖИТС орталығы мен Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы арасында бекітілген Меморандум бойынша қол жеткізген көрсеткіштер туралы айтылды. Сондай-ақ, пациенттердің АРВ терапиясына қолжетімділігі мен жыныстық жолмен берілу жолының арту себептері, осал топтар арасындағы аурушаңдықтың өсуі бойынша сұрақтар талқыланды.
Соңында, кеңес мүшелері Медициналық кеңестің қорытындысын шығарып, 2017 жылға қойылған негізгі мақсаттарды анықтады, әсіресе, ведомстволармен арақатынасты күшейту, тұрғындарды тестілеумен қамту деңгейін арттыру, АРВ емге қолжетімділікті жоғарылату және тағы басқалар.